A- A A+
Красный Яр селолық округі әкімінің аппараты
Құрметті Красный Яр ауылының тұрғындары!!!

Бүгін біз еліміздегі маңызды мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституция күнін атап отырмыз. 1995 жылғы 30 тамыздағы референдумда еліміздің негізгі Заңына қолдау көрсете отырып, отандастарымыз еркін демократиялық мемлекетте өмір сүруге тілек білдірді. Өмір осы шешімнің дұрыстығын көрсетті.

Конституция мызғымас мемлекеттігіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі.
Конституция аясында өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде қалыптастырған Қазақстанда әрбір азаматтың жеке тұлға ретінде жан-жақты жетілуіне, дамуына, әлеуметтік қорғалуына барынша жағдай жасалған. Сонымен бірге адам, азамат құқықтары мен бостандығын бұлжытпай жүзеге асыру нышаны әрі кепілі Қазақстан Республикасының Президенті екені айқын белгіленген.
Біз әр азамат мемлекет қамқорлығында болып және осы мемлекетке қамқорлық жасайтын тәуелсіз, егеменді, гүлденген еліміз Қазақстанды дамытуымыз керек.

Красный Яр ауылдық округінің әкімі А.Тасқынбай

Мақаланың шыққан күні: 29.08.2022
Қаралым саны: 1016

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2023 Красный Яр селолық округі әкімінің аппараты
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»